Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

Ақтауда «Жарқынболашаққа – Жаңғыружолымен» атты Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті. Сессия отырысына облыс әкімі Е.Тоғжанов төрағалық етті.

Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақМаңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өттітылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру және еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау. Сондықтан, әрбір жасаған жұмыстарымызға жауаптылықпен қарауға тиістіміз. Дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған Тәуелсіз Еліміздің алға қадам басқанында Сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар! Сол үшін де Сіздерге ерекше  алғысымды білдіремін. «Бірлігі бар елдің, тірлігі де берекелі болады» - деген дана халқымыз. Жұмылып жасаған ісіміздің нәтижелі болары анық», - деді Е.Тоғжанов

Сессия  барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталия ИоноТварионас құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Исмаилов, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің өкілі, StreetWorkaut 2018 жыләлем чемпионы И.Ягьяев, Жиһаз шығару цехының директоры А.Чигин, сөз сөйледі. Ш. Есенов атындағы КМТИУ «Қазақстан халқы Ассмаблеясы»  кафедрасының меңгерушісі А.Мамбетова Елбасы жолдауын талқылап, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Вайнах» шешен және ингуш этно мәдени бірлестігінің өкілі Д. Элимханов: «Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағаны белгілі, бұл, жастарға көбірек көңіл бөлінеді деген сөз.Сондықтан,біз,өз еңбегімізбен, білімге құштарлығымызбен жәненақты істерімізбен еліміздің даңқын шығаруға міндеттіміз! Бізге тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін ерекше жауапкершілік жүктелді!», -  деді өз баяндамасында.

Сессия соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов белсенді қоғамдық қызметі, ұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшіноблыстық этномәдени бірлестіктер мүшелеріне Алғыс хат табыстады.

Іс-шара соңында сессия қатысушылары мен қонақтарға кішігірім концерттік бағдарлама ұсынылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.