Елбасы Маңғыстау халқына алғыс айтты
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат алды. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.
Елбасының Маңғыстаулықтарға жолдаған алғыс хатында "Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыздың жұмылы атсалысты.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.
Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Маңғыстау облысы да өз үлесін қосты. Ұлтаралық келісімді ту еткен Қазақстан үшін достық пен бейбітшілік басты байлық саналады.Осыған орай, Маңғыстау өңірі сыйлаған Достық үйі татулығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың береке-бірлігін бекемдей түседі деп сенемін. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!" делінген.
Достық пен бейбітшіліктің символына айналған бұл ғимарат Астана қаласындағы Алматы ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 24 үйде орналасқан. Жобаның іске асырушысы - «Достық-Қазақстан» қоғамдық қоры.
Жаңа Достық үйі үш қабаттан тұрады. Ғимараттың бірінші қабатында көрме залы, акт залы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының бөлмелері бар. Екінші қабатында конференц-зал, мұражай, этномәдени бірлестіктердің бөлмелері көздің жауын алып тұр. Хореографиялық зал, вокаль студиясы, асхана, қызметкерлер бөлмесі цокольды қабатта орналасқан. Қонақтар және қыз¬-меткерлер үшін арнайы ыңғайлы автотұрақ жасалған. Аталмыш ғимараттың жан-жағы абаттандырылып, көгалдандырылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев Бас қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің атынан Астана қаласының 20 жылдығына орай жасаған керемет сыйлық үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа өз алғысын жеткізді.
Маңғыстау облысының бас қаламызға тартуы – Астананың ажарын көркейте түсері анық.
Еңсесі биік Елордамыз Маңғыстау өңірі сыйға тартқан Достық үйі ғимаратымен бірге жаңарып, жасара берері хақ.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
8 пікір