«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының кейбір жаңалықтары

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының кейбір жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, өткен жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді.

Заң жобасын әзір­леудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында адвокаттық қыз­метті және жеке тәжібиемен айналыстын заңгерлермен заң көмегін көрсетудің қалыптасқан жүйесін ке­шенді түрде жетілдіруге бағытталған.

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған. Аталған Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Алайда, аталған Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заң көмегін алуда қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейді. Осы орайда, адвокатура институтын жетілдіру мақсатында құқықтық саясат тұжырымдамасында бірқатар міндеттер айқындалған болатын.

Бұдан басқа, қазіргі кезде жеке тәжірбиемен айналысатын заң кеңесшілерінің құқықтық мәртебесі мен құзыреттері арнайы заңмен реттелмеген.

Жаңа Заң жобасында заң кеңестерімен заңгерлік көмек көрсетудің негізгі қағидаттары, заң кеңесшілерінің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін сақтандыру сияқты мәселелерді нақтылап қарастырады.

Заң кеңесшісінің қызметін сақтандыруы ол – заң кеңесшісімен заңгерлік қызмет көрсету нәтижесінде клиентке зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша өзінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасауға міндеттейді.

Сонымен қатар заң кеңесшілерінің палаталарын құру арқылы олардың қызметін (заң кеңесшілері мүшелігі, заң кеңесшілері палатасының бірыңғай тізілімі, заң кеңесшілері палатасының ережелері мен стандарттары, Кәсіби этика кодексінің талаптары) ұйымдастыруды көздейді.

Тұрғындар үшін тиімді енгізілетін жаңалық «pro bono» тәжірбиесі болмақ. Ол дегеніңіз кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету ақысыз негізде, соның ішінде халық­тың әлеуметтік әлсіз топтарына, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім (құқықтық жағдайды шешу) қабылдағанға дейін құқықтық сүйемелдеуге жағдай туғызуды белгілейтін заң көмегін көрсету болып табылады.

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету қызметі ерікті түрде және әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру болып табылады.

Сонымен қатар Заң жобасы адвокаттық қызмет институтын бәсекелестікті арттыра отырып жетілдіруге де бағытталып отыр. Бұған адвокаттар алқасына мүшелікке кірудің жолдарын жеңілдетіп, адвокаттардың санын арттыру арқылы қол жеткізілмек. Бұл ретте, адвокаттар алқасына кіруге үміткерлерге алғашқы кіру жарнасын төлеуді алып тастау қарастырылып отыр. Ал қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес адвокаттар алқасына кіру үшін жарна сомасы қомақты және оны адвокаттық қызметпен айналысқысы келген кез-келген жас маманның қалтасы көтеруі екіталай.

Сонымен қатар, жаңа Заң жобасында адвокатура инс­титутын жетілдіру үшін заң көмегін көрсе­ту субъектілерінің біліктілігін қамта­ма­сыз ету, аттестаттау өткізу тәртібін қайта қа­рау, адвокаттардың біліктілі­гін арттыру және сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін жауап­ты­лыққа тарту тетігін қайта қа­рау ұсынылды.

Заң жобасында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокаттардың тізімі, мемлекет кепіл берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімінен адвокатты таңдау сияқты ақпараттық мүмкіншіліктерді еркін таңдауға жағдай жасайтын «Е-адвокатура» ақпараттық жүйесін енгізу туралы ереже бекітілетін болады.

Сонымен қатар, «Е-адвокатура» ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардың басқа жүйелерімен ықпалдастырылатындығын да атап өту қажет.

Жобаға сәйкес заң көмегін көрсетудің қағидалары заң көмегінің қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жалпы талаптар бойынша жүзеге асыру, оның мазмұнын анықтаудың іргелі бастамасы болып табылады.

 

Естай РАШҚАЛИЕВ,

Орал қаласының Әділет басқармасының басшысы,

Қазақстан заңгерлері Одағының мүшесі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.