Оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз – МҚІСЖҚА өкілі

Оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз – МҚІСЖҚА өкілі

Бұл туралы орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов әңгімеледі.

Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі - мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері.

Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған.

Мұндай тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан 300-ден 500 теңгеге дейінгі қаражатты құраған.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне мектептердің қабырғасында ақылы тестілеудің «мәжбүрлі» жүргізілу фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

«Агенттіктің жұмысы адалдық принциптерін нығайтуға, білім беру жүйесінде «адал ортаны» құруға бағытталған», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Сондай-ақ кездесу барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі болып табылатын осы сала қызметкерлерінің еңбекақысы төмен деңгейде болу мәселесі қозғалды.

Сонымен бірге, Агенттік мұғалімдерге төленетін еңбекақының көтерілуі әрқашан қосымша қаражат бөлуін талап етпейтінін атап өтті.

Мысалға Астана қаласының балалар үйінің оң тәжірибесі келтірілді, онда басшылықтың принциптік позициясы және жұмысты дұрыс ұйымдастыру жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік берген.

Балалар үйінің директоры Динара Закиеваның айтуынша, басқару тиімділігінің артуы, процестерді оңтайландыру есебінен 90 млн. теңгеге жуық сомадағы бюджет қаражатының үнемделуі қамтамасыз етілген.

Бұл жұмысшылардың жалақысын 3-4 есеге көтеруге мүмкіндік берген. Бұрын 30 мың теңге алып отырған жұмысшы, бүгінде 120 мың теңге алады. Балалалар үйінің материалдық-техникалық базасы елеулі жақсарған. Және мұның бәріне бюджеттен қосымша қаражат бөлінуін талап етпей, экономия есебінен қол жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттікте 1424 Call-орталығы жұмыс жасайды, онда азаматтар шағымдар мен ұсыныстарымен, оның шінде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабарласа алады.

Сондай-ақ азаматтар МҚІСЖҚА Төрағасының фейсбуктегі парақшасына, жеке блогына («Ашық диалог» интернет-порталы) және alik.shpekbayev@gmail.com электронды пошталарына өтініш жасай алады.

 

    МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.