Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, ҚР Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Кодексінің 213 бабына сәйкес,

  1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде:

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;

2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші (салық агенті) өзінің тұрған жері бойынша салық органына:

- қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті ұсынады.

Салықтық өтініш, қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – алдағы кезеңге:

- қызметті қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады;

-қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтық есептілікті ұсынады. Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі салықтық өтініш ұсынылғаннан кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті ұсыну салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін жүргізіледі;

-  қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды ескергенде, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту жалпы мерзім ескеріле отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

- Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

-Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның
интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбау үшін негіз болып табылады.

 Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту салық төлеушіде (салық агентінде):

өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек;

  • мыналарды:

талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, осы баптың
1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салықтық есептілікті;

осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынбау фактісі;

- осы Кодекстің 91-бабына сәйкес салық органының әрекетсіз деп тану фактісі;

- салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданады.

- Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда, салықтық есептілік осы Кодексте айқындалған тәртіппен ұсынылады.

- Қызметті тоқтата тұру кезеңінде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпестен, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін қызмет қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды. Осы тармақтың мақсаттары үшін, осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметтің қайта басталуы деп танылады. Осы баптың ережелері:

1) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерге;

2) ойын бизнесі салығын төлеушіге;

3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге;

4) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне);

5) мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

 

Д.М. Шаденов

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерді

                                          тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.