Вице-министр А. Аймаганбетова ғылыми қоғаммен, Алматы қ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды, сондай-ақ 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі салалық министрліктермен бірлесіп Ғылым саласын жетілдіру тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
2018 жылғы 30 қазанда Алматы қаласындағы («Ғылым ордасы» ғимараты) білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетовтың ғылыми қоғамдастықпен кездесуі аталған жобаны, сондай-ақ ғылымды қаржыландыру жүйесіне өзгерістер енгізу мәселелерін, университеттік ғылымды дамыту және жас ғалымдарды ынталандыруды талқылауға арналған.
Кездесу барысында шынайы сектор мен ғылымның байланысын күшейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына университеттік ғылым үлесінің төменгі деңгейі, зерттеу кадрларының білікті бөлігінің қартаюы, ғылымға шығын деңгейінің қысқаруы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелілігінің төмендеуі сияқты проблемалық мәселелер талқыланатын болады.
Талқылауға жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасаының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және жас ғалымдар қатысады.
Сөз сөйлейтіндердің тізімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т. Балықбаев, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары Ә. Сатыбалин, А. Медеу, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасаының өкілі Т. Доскенов, жас ғалымдар қатарынан С. Могильный бар.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғылым саласын жетілдіру тұжырымдамасының жобасын мақұлдау қарастырылуда.
Өткізілу орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28-үй.
Өткізілу уақыты: сағат 14.30 – 16.30.
Аккредитация үшін: pressa.edu@gmail.com
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]