«Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» ІІ халықаралық форумы
2018 жылғы 4-қазанда сағат 10.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» атты ІІ халықаралық форумын өткізеді.
Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.А.Досаев, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К. Божко, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторлардың, ғылым және бизнестің өкілдері қатысады.
Форум брокерлік оқиға форматында өтеді, оның мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнату болып табылады. Осы мақсатта Форум шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылатын болады.
Бұдан басқа коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, техника және инновация бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері, технологиялық кәсіпкерлік және жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен старт-ап компанияларды дамыту бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.
Астана қ. Хилтон мейманханасы, Сауран к., 46 мекенжайы бойынша өтетін Форумға қатысуға шақырамыз.
Тіркеу және бағдалама forum.science-fund.kz сілтеме бойынша қол жетімді
Секцияға қатысушылар мен мастер-класстарға сертификаттар беріледі.
«Ғылым қоры» АҚ сайтына http://science-fund.kz сілтеме бойынша қол жетімді
[xfvalue_img]
8 пікір