Такси жүргізушісі салонда қалып кеткен жеке мүлікке астана тұрғынынан ақша талап еткен.
«Участок» жедел-профилактиткалық шарасын жүргізу барысында «Есіл» аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Ержан Қалмұратов «ізін суытпай» қылмысты ашты.
Кешкі сағат 9.00 шамасында астаналық полициясының жедел басқару орталығына қала тұрғынынан «Lada Priora» маркалы автокөлікте сумкасы (ішінде ноутбук, планшет, ойын қондырғысы) кеткенін және оны қайтаруға жүргізуші 100 мыңдай ақша талап еткені туралы хабар келіп түсті.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша «Indriver» арқылы машина шақыртып, баратын жеріне келген соң, автокөліктен түскен бетте, жүргізуші орнына тез жүріп кеткен. Жеке мүлкін алып үлгермеген.
Полиция қызметкері Е.Қалмұратов ақпаратты алысымен, берілген бағыт бойынша учаскені шолу кезінде автокөлікті анықтап, жүргізушіні қолға түсірген. Авто салонның ішінен жолаушының жеке мүлкі табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.
Астаналаық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
30 пікір