Қазақстанның жетекші білім порталына хакерлік шабуыл жасалды

Қазақстанның жетекші білім порталына хакерлік шабуыл жасалды

2018 жылдың 4 қыркүйегінде «Kundelik» ақпараттық жүйесіне DDOS хакерлік шабуыл жасалды. Kundelik.kz порталының әзірлеушілері қазіргі уақытта порталға және мемлекеттік органдар үшін есептік жүйеге қолжетімділік жылдамдығының азаюы мүмкін екендігін хабарлайды.

 «Kundelik» ААЖ қолданушылардың персоналды мәлеметтерін қорғау мақсатында Ұлттық ақпараттандыру операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлерінде орналастырылған және «электронды үкімет» сервистері деңгейінде қорғалады.  Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары мен телекоммуникациялық опреаторлардың («Казахтелеком» АҚ, «ГТС» РМК, «Транстелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және т.б.) жетекші мамандары сырттан жасалған шабуылдардың салдарын толық жою және жүйелерге қолжетімділік жылдамдығын қалпына келтіру үшін Kundelik.kz порталын және тағы да басқа ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Яғни, осы жағдай «ҰАТ» АҚ тарапынан шыққан техникалық ақаулық болып табылмайды.

Қазір шетелдік DDOS шабуылдарға қарсы тұру бойынша біріккен жұмыстар жасалып жатыр.

Портал қолданушыларының барлық мәліметтері – жеке ақпарат, үлгерім, сабаққа қатысу туралы бағалар, берілген үй жұмыстары – «ҰАТ» АҚ ақпараттық қауіпсіздігінің периметрінде орналасқан және өзгертілмейді. Жүйенің толық қалпына келуі мен жағдайдың шешілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

«Kundelik» - бұл Қазақстанның жалпы білімдік мектептерінің электронды күнделіктері мен журналдарының ұлттық жүйесі. Жүйеге 6 мыңнан астам мектеп қосылған, 4 млн. астам қолданушы тіркелген. Электронды күнделіктерді енгізу арқылы оқу үрдісінің тазалығы және оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпаратпен алмасу қолайлығы жоғарылайды, сонымен қатар есеп тапсыру үрдісі жеңілдейді.

 

  

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.