Жүзеге асырылған жоба
Елімізде «Электрондық үкімет» порталы қызметін кешенді насихаттау жұмысын жүргізу қолға алуда. Соның ішініде сот саласы заманауи озық ақпараттық технологияларды қолдану нәтиежесінде барынша ашық әрі қолжетімді болуда.
Сот саласында «Электрондық үкімет» порталы қызметін пайдалану жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта кей адамдардың артық уақыты болмай, көбіне қолы тимей жатады. Электрондық үкімет» порталы арқылы үйде отырып, уақытын үнемді пайдаланып, қажетті анықтамаларын алып, құжатын реттей алады.
Сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталының бірнеше қызмет түрлері бар. Соның ішінде, Электронды талап –арыз сотқа «Электронды Үкімет» порталы арқылы беруге болады. Ол үшін арыз беруші арнайы берілген үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық, қалалық немесе оған теңестірілген сот таңдалып арыз мазмұнын, істің дәрежесін, мемлекетке баж салығының төлемін көрсетеді. Үлгіні толтырған соң, талап қоюшы электрондық құжат нысанында талап арыздың және құжаттардың басқа да көшірмелерін тіркейді. Содан соң талап-арыз сотқа жолданады. Электрондық нұсқада талап-арыз сотқа жолданған соң, тез арада сотқа түсіп, тіркеуге алынады. Егер қосымша жолданған құжаттар толық болмаған жағдайда талап-арыз қабылданбай, кері қайтарылады.
А.А.Шекенова
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]