Орталық коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымының аяқталуына, өрт қауіпті кезеңнің өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз конференциясы болды.
Орталық коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымының аяқталуына, өрт қауіпті кезеңнің өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз конференциясы болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізді.
Су айдындарының қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде (жабайы жағажайлар) құтқарушылар ТЖК мобильді құтқару бекеттерін ұйымдастырды.
ТЖД әкімдіктермен бірлесіп шомылуға тыйым салынған жерлерді белгіледі, ол жерлерде тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды.
Жеке меншік жағажайлардаТЖК бөлімшелерінде дайындықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен объектілік құтқару бекеті құрылды.
Еліміз бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу үшін волонтерлік ұйымдар тартылды, «Жас Отан» жастар қанатымен бірге тиісті жоспар-графигі бекітілді. Барлығы 2 мыңнан астам волонтер тартылды, олар 330 акция өткізуге, 123 мың үгіт өнімі таратылды.
Жергілікті полиция қызметкерлері су айдындары мен жабайы жағажайлардағы (жабдықталмаған шомылуға тыйым салынған су айдындарының учаскелері) адамдар жаппай демалатын орындарда белсенді түрде су айдындарына жақын жерлерде демалушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы (спиртті ішімдіктер ішуге және азаматтардың тыйым салынған жерлерде шомылуына жол бермеу) бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Мәселен, суға шомылу маусымы кезеңінде 8 мыңнан астам рейд жүргізілді, ӘҚБтК «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 440-бабының және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2,5 мың адам тартылды.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз маслихаты барысында Юрий Ильин қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шомылуға арналмаған су айдындарында адамдардың қаза болу фактілері тіркелгені туралы ақпарат берді. Бұл ретте, суға батқандардың 85%-ы шомылу маусымының басында тіркелді.
Кейбір азаматтардың өздерінің және жақындарының өміріне деген жауапсыз көзқарасын атап өту қажет, олар ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамай, құтқарушылар мен жергілікті полиция қызметкерлерінің талаптарын елемей судан шықпады.
Адамдардың еліміздің су айдындарында қаза болуларының негізгі себептері:
1) өз күштерін толық бағаламау, қатты ағыс, аяқ-қолдарының құрысуы;
2) балық аулау кезіндегі ережелерді сақтамау;
3) су айдындарының маңында қараусыз қалған балалардың суға түсіп кетуі;
4) жүзе білмеу;
5) мас күйінде шомылу;
6) жүзу құралдарымен серуендеген кезде;
7) суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде.
Суға шомылу кезінде суға батып кеткен адамдардың басым бөлігі суға түсуге жағдай жасалмаған орындарда тіркелді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында Юрий Ильин өрт қауіпті кезеңнің өтіп жатқаны туралы ақпарат берді.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бері республикада 352 табиғи өрт орын алды, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 44%-ға азайды (2017 жылы – 629).
2018 жылдың өрт қауіпті кезеңінде алдын алу шараларын қабылдау мен барлық азаматтық қорғау жүйесінің өзара іс-қимыл жасауының арқасында орман өрттерінің саны 38%-ға, дала өрттері 3 есе азайды.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап орман алқаптарында мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалардың келуіне және көлік құралдарының кіруіне шектеу қою бойынша күн сайын патрульдеу, табиғи өрттердің туындауының алдын алу үшін мемлекеттік өрт бақылау, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері есебінен жалпы саны 2 мың адамнан тұратын 325 мобильді топ құрылды.
Аталмыш мобильді топтар 2 мыңға жуық рейд жүргізді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 177 тұлға анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды (рұқсат етілмеген жандыру, ауыл шаруашылығы егістіктеріндегі құрғақ шөптердің бақылаусыз жануы, орылған егістіктерді жағу, орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтамау).
2018-2019 жылдары жылу беру кезеңінде адамдардың қазасын және өрттерді санын азайту мақсатында азаматтық қорғау органдарымен іс-шаралар кешені қарастырылған.
Мәселен, ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Айлық шеңберінде (өрттердің, адамдардың қаза болуы және жарақаттануы талдауына қарай), Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамы аула-ауланы аралау және тұрғын-үй секторының халқымен жиын өткізу кестелерін әзірледі. Жиын және аула-ауланы аралау кезінде жылу беру құралдарын пайдалануға дайындыққа, авариялық жағдайда тұрған істемейтін электр құралдарын қолдануға жол жібермеуге, халықтың отты абайсыз пайдалануына ерекше назар ауадарылады.
Бұдан басқа, әлсіз адамдарға, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға тұратын тұрғылықты мекенжайы бойынша өртке қарсы насихаттау өткізіледі (1 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары, жалғызбасты зейнеткерлер).
Жылу беру кезеңнің басынан бастап аяқталуына дейін барлық білім беру ұйымдарында мектептегі жиналыстарда, сынып сабақтарында және ата-аналар жиналыстарында өрттердің (оның ішінде балалар отпен ойыны), өрттерде адамдардың қаза болуының және жарақаттануының, улы және табиғи газбен улануының алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгімелесу өткізу жоспарлануда.
Тұрғын-үй секторында профилактикалық жұмыстың негізгі әдістерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өртке қарсы насихаттау болып табылады. БАҚ-та өртке қарсы тақырыптағы материалдар орналастырылады, көрсетіледі. Сонымен қатар соңғы он жыл ішінде халықтың компъютерлік сауаттылығы мен ақпараттануының артқанын есепке алып, азаматтық қорғау органдары интернет-ресурстарды (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) белсенді пайдаланады.
Жылу беру кезеңінде өскелең ұрпаққа ерекше назар аударылады, білім беру объектілерінде өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады, мектепте өткен жиналыстарында, сынып сағаттарында және ата-аналар жиналыстарында өрттердің, адамдардың өрттерде қаза болуының және жарақаттануының (оның ішінде балалар ойыны), улы және табиғи газбен улануының алдын алуға бағытталған бағытталған профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі.
[xfvalue_img]