Астана әкімі астананың жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Астана әкімі астананың жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көшпелі отырыс өткізді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты қалалық коммуналдық кәсіпорындарға барды, оның ішінде – «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы», ЖЭО-2. Қаланың тіршілігіне жауапты негізгі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы туралы оның орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Аралау барысында Б. Сұлтанов «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы» және ЖЭО-2 барды. Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі таңда қаланы жылу маусымына дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылуға дайындығы 97 % құрайды. 12 км су құбыры және 5 км кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Бақыт Сұлтанов осы жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды. «Біздің жұмысымызды тұрғындар қызмет көрсету сапасы арқылы бағалайды. Біз барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек, әсіресе жылу маусымы кезінде. Су, жылу, жарық үзіліссіз берілу керек», - деді Б. Сұлтанов. Сондай-ақ Астана әкімі Қалалық «iKomek» жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде «iKomek» орталығы дер кезінде кемшіліктерді жоюды үйлестіріп отыратын құрал ретінде әрекет етеді және астананың «тыныс-тіршілігіне» мониторинг, талдау жасайды. Тұрғындардың 77% арыз-шағымы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін тауып, аталмыш көрсеткішті 85% дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Б. Сұлтановқа орталықтың басшысы Жанат Дубирова айтып берді. Кезекті аралаудың соңында Б. Сұлтанов № 27 көшедегі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бүгінде Астана қаласының жол-көше желісі 1039 көшеден құралады, жалпы ұзындығы 1102,32 км, оның 837,82 км (немесе 76%) асфальтбетон төселген, қатты жабындысыз төсем – 264,5 км (24 %). Инженерлік кешен 8 көлік жол айырығынан, 17 автожол көпірінен, 5 жаяу жүргіншілер көпірінен, 9 өтпежолдан тұрады. Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, ұзындығы 71,8 шақырым 98 көшені салып, жөндеу жоспарланған, оның ішінде 22 магистральді қала көшелері, ұзақтығы 20,8 км және 65 көше, ұзындығы 35,3 км тұрғын алаптарында салынды. Орташа жөндеу жұмыстары барысында 15,7 км жолдың 11 көшесіне төсем жасалынды. Б. Сұлтанов құрылыстың қарқынын жылдамдатып, алғашқы суық түскенше жолдарды мерзімінде беруді тапсырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.