Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету

Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету

Мекеменің инфрақұрылымы жалпы ұжымды әлеуметтік қамтамасыз ететін бөлімнің жұмысы ретінде танылады.  Мұның өзі өндірістік және өндірістік емес секілді екі бағытта жұмыс атқарады.

Өндірістік инфрақұрылым бірқалыпты үздіксіз қызмет етуді қарастырады. Негізгі өндіріс бойынша жұмыс қызмет көрсетуші шаруашылық пен қосымша бөлімшелердің көмегімен іске асырылады. Ол көлік, жөндеу жұмыстары, қуаттану, қоймалық, материалды-техникалық қамту қызметтерін қамтиды.

Өндірістік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру мекеме жұмысы сапасының артуының бірден бір кепілі болып табылады. материалды-техникалық қамтамасыз ету қызметі өндірістік процесс жұмысының дұрыс жүруімен қатар, минимум шығын шығара отырып, оңтайлы қор жинауды, материалды ресурстарды сақтайтын сәйкес қойма мен дайын өнімді сақтауды қамтамасыз етеді.

         Ал жөндеу шаруашылығының негізгі міндеті жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен үзіліссіз жұмысты қамтамасыз ету. Ал шығынды азайту мен ұтымсыз жоғалтуды болдырмау үшін әрине алдын-ала әзірленген жоспар көмекке келеді.

         Бұдан бөлек, жөндеу шаруашылығы ағымдағы жөндеу жұмыстары мен ғимаратты қамтамасыз етуді іске асырады, бұл арада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тек арнайы мамандандырылған жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның көмегі арқылы жүзеге асырылады. Аталған жұмыстың барлығы алдын-ала жоспарға енгізіліп,  ай сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу арқылы іске асады.

Соттардың инфрақұрылымы өзге де мемлекеттік органдардың инфрақұрылымын қамтамасыз етумен іспеттес. Материалды-техникалық қамтамасыз етуге жалпы судьяларды тұрғын үймен қамту, мекеменің бірқалыпты жұмысын іске асыру, барлық қажетті құрылғылармен қамту болып табылады.

Келесі мекеменің өндірістік емес инфрақұрылыма келетін болсақ, ол мекеме қызметкерлерін әлеуметтік қамтумен ұштасады. Яғни, ол тұрғын үймен, жатақханамен қамту, балабақша, медициналық бекет, асхана, оқу курстары және тағы да басқа қажетті бағыттардықарастырады.

Өндірістік емес инфрақұрылым ұжымның өміршеңдігін қамтамасыз ететін мекеменің маңызды бөлігін құрайды.Өндірістік емес инфрақұрылымда маңызды элементтердің болуы қызметкерлердің өмірге қажетті әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандырып, олардың ертеңге сенімділігін арттырып, нәтижесінде ұжымда жақсы іскерлік ойлаумен ұштасатын күйдің туындауына септігін тигізеді.

 

Астана қалалық сотының

инфрақұрылымын дамыту

мен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Б. Әбутәліп

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.