«Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі»

«Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі»

Қазіргі   таңда  мемлекеттік  қызметшілердің атқарған жұмысына, ұжымда   және жұртшылықпен өзін  ұстау  іс-әрекеті мен мінез-құлқына  және   олардың   қарапайымдық  стил үлгісінде  киіну  бейнесіне ерекше көңіл бөлінуде. 

ҚР Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары –әдептіліктің, сыпайылықтың, қарапайымдылықтың  негізі  болып саналады және олар үшін тәртіптік әдеп стандартарын белгілейді.

Сонымен  қатар, кодексте мемлекеттік қызметшілердің  адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойған.

Әдеп кодексі бес бөлімнен тұрады:  жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары.

Кодекстің    жалпы  қағидаларына сәйкес, қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мінез құлықтың жалпы стандарттарына  келетін  болсақ,  мемлекеттік қызметшілер:

       елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

      адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

       қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

      жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.

 

Сонымен қатар,мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға  және  басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс.

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында
сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарына сәйкес 
мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс. 

Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді.Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексінің  басты міндеттерінің бірі - қызметкердің мінез-құлқының  және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу  жұмыстан  тыс кезде   заң  бұзушылықтарға жол бермеу  болып   саналады.

Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметшілерге  әлеуметтік желілерде мемлекеттік  қызметшінің қарапайымдылық, сыпайы бейнесіне сай келмейтін өрескел  суреттер  орналастыруға тиым  салынады.

Қазіргі заман талабына сай мемлекеттік  қызметшілердің Әдеп кодексі  соның  ішінде  сот  қызметкерлеріне қойылатын жаңа талаптардың қатаңдығын аңғартады. Жоғарыда аталған   талаптар оның бірден-бір  дәлелі болып саналады. 

Қорыта  келе,  мемлекеттік  қызметшілердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық  сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының  беделін түсірмеуі қажет  екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды  көрінісі болып саналады.   

Мемлекеттік қызметшілердің  әдеп кодексінің талаптарын сақтап,  оны  мүлтіксіз орындау  әрбір қызметкердің  қоғамдағы   жауапкершілігі  мен  міндеті  болып саналады.

 

А.Шакенова

Астана қ. Алматы аудандық сотының

Бас маман-сот отырысының хатшысы                                          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.