МСҚ 2018 жылы сақтандыру төлемдерін тексеріп, емханаға тіркелуге мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін іске қоспақ

МСҚ 2018 жылы сақтандыру төлемдерін тексеріп, емханаға тіркелуге мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін іске қоспақ

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жылы қазақстандықтарға  сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр.

            "Біздің жоспарымыз бойынша, бірінші жартыжылдық соңында азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу (ХҚКО) мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді "электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат "жеке кабинетке" кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады. Мұның көпшілік үшін ыңғайлы еместігін азаматтарымыз жиі айтып жүр. Ал, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қордың басқарма төрағасы Елена Бахмутова.

            Ал, жетілдірілген тіркеу қызметі 2018 жылдың 3-4-тоқсанында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеліп, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады. Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн режимінде - egov.kz порталы арқылы, оффлайн режимінде - емханаларда көрсетіледі.

            "Өткен жылы Қор тұңғыш рет медициналық қызметтерді жеткізушілермен, соның ішінде емханалармен жұмыс істеп бастаған болатын. Олармен бекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындар саны сынды т.б. бірқатар факторларға тәуелді. Жыл басынан бері бізге кейбір емдеу мекемелерінің азаматтар атынан тіркеу жөнінде жалған өтініштер жазып, оларды өздеріне тіркегені туралы, сондай-ақ, тіркеуден ешбір негізсіз бас тарту фактілері туралы шағымдар түсті. Қазір біздің мамандар осындай шағымдар негізінде жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Алайда, мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгертіп, процесті емханалардың тіркеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуынсыз ұйымдастыру керек. Сондықтан біз қазір аталған қызметті ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындап жатырмыз", - деп түсіндірді Е. Бахмутова.

            Айтуынша, осы жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, тіркеу ережесіне де толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Онда алақол медицина ұйымдарымен өзара қарым-қатынас және тіркелген пациенттердің құқықтарын қорғау тәртібі жан-жақты жазылады.

            Жаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажет. Сондықтан Қор осы бағытта жұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтын болады.    Оған дейін азаматтарды емханаға тіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермек. Тіркелу үшін жеке куәлік пен медицина ұйымы басшысының атына жазылған өтініш талап етіледі.

            Естеріңізге сала кетсек, Қордың дерекқорында емханаларға: басқа әкімшілік бірлік аумағына қоныс аударғанда, жұмысын немесе оқу орнын басқа жаққа ауыстырған жағдайда, жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына, әскери борышын өтеп болуына байланысты, алғашқы медициналық-санитарлық көмек үйымы жабылғанда немесе ондағы қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда тіркелуге болады. Ал, емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланғысы келетін азаматтар жыл сайын өткізілетін дәстүрлі науқан кезінде басқа емдеу ұйымына тіркеле алады.

Жасы 18-ге толмаған тұлғаларды тіркеу үшін өзінің және заңды өкілінің жеке куәлігі талап етіледі.

 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Жұртшылықпен байланыс департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.