Шағын және орта  кәсіпкерлікті ашу жолдары оңтайландырылды

Шағын және орта кәсіпкерлікті ашу жолдары оңтайландырылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. 

       Заң жобасының мақсаты – Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік өзара қатынас қалыптастыру, «анықтау және жазалау» саясатынан «алдын алу және адал кәсіпкерлікті көтермелеу» саясатына ауысуды іске асыру болып табылады. Кәсіпкерлік - экономиканың ең іргелі сигменттерінің бірі екендігі айқын. Мемлекеттің саяси тұрақтылығын сақтап, экономиканың тұрақты өсуін, жұмыссыздықты азайтып, халықтың жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге шағын және орта бизнестің тигізетін ықпалы зор.

      Сонымен қатар аталған Заңмен ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлерді жоспарлы тексеруді жоюға, шағын бизнес субъектілерін таратудың оңайлатылған тәртібін енгізуге, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын енгізуге, бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды барынша қысқартуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер енгізілген.

       Осыған байланысты аталған Заң аясында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді. Нақты атап айтар болсақ:

       -шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-порталында тіркеу мерізімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс қүнінің 1 сағатына қыскарту, яғни қазір заңды тұлғалар электронды түрде немесе ХҚКО арқылы тіркеле алады. Жарғы тапсырылмайды. Үлгілік жарғы негізінде әрекет ете алады. (ХҚКО арқылы тапсырса 1 жұмыс күні ішінде).

       -шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу және қызметінің тоқтатуын тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеуді жою; (бұған дейін ақылы болды)

       -шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 тенге жарғылық капиталының талап етуді жою; (қазір ШКС жарғылық капиталы көрсетілмейді)

       -жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататы заңды тұлғалар үшін мөрді жою. (бұдан әрі мөр болмайды)

       Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар өздеріне қажетті анықтамалар түрлерін ХҚКО арқылы немесе e-gov порталы арқылы ала алады. Олар:

1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;

      2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

      3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;

      4)жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;

      5)заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;

      6)құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;

      7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы;

      8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;

      9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы;

     10) заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы;

       Елбасы өз жолдауында осы дүниежүзілік форумның рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын көтеру маңыздылығына тоқталып өткен болатын.

       ДЭФ ҒБҚИ дегеніміз – Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамы бойынша экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін ғаламдық зерттеу және елдердің рейтингісін қалыптастыру болып табылады.

       Яғни, аталған Дүниежүзілік экономикалық форум елдердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін ғаламдық зерттеу арқылы елдердің рейтингісін қалыптастырып отырады.

       Рейтинг 114 көрсеткіштерден құралады, соның ішінде 34-і халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтерінің, ал қалғандары компания басшыларының сауалнамасының нәтижесі бойынша есептеледі. 

       Өз кезегінде Әділет министрлігімен бұл индикатоларды көтеру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу, халыққа құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру арқылы шаралар жүргізілуде.

 

Батыс Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

Заңды тұлғаларды тіркеу

жұмысын ұйымдастыру бөлімінің

басшысы                                                                              

С.Ибрагимова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.