Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сот жүйесі саласына да нақты міндеттер қойылып, сот жүйесінің мәртебесін көтеру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі деп танылып, сот билігіне деген жауапкершілік те арта түсті.

Жолдауда айтылған бірінші басымдылық экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы болса, екіншісі - бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, үшінші басымдылық - макроэкономикалық тұрақтылық, төртіншісі - адам капиталының сапасын жақсарту, бесіншісі - институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Басым бағыттарды жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, соның ішінде еліміздің сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының алдында тұрған міндеттер де ауқымды. Елбасының Жолдаудағы «Сот жүйесіне сенімнің артуына қол жеткізу қажет», деген бір сөзінің астарында сот жүйесіне артылып отырған барша міндеттер мен тапсырмаларды орындаудың салмағы мен жауапкершілігі жатыр.

Жоғарғы сот төрағасы Мәми Қайрат Әбдіразақұлының басшылығымен Жолдауда қойылған міндеттердііске асыру аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жолдауды талқылауға арналған жұмыс бабындағы кеңесінде: «Сот жүйесі құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ете отырып, Жолдауды табысты іске асырудың маңызды буыны болып табылады», - деп атап көрсетті.

Соттар сот жүйесіне тән бағыттар бойынша ғана емес, өз құзыреті шеңберінде Жолдауда белгіленген еліміз үшін маңызды өзге де барлық басым бағыттарды іске асыруға белсене атсалысуы қажеттігі айрықша аталып өтілді. Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, сот жүйесі жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңғырту жұмыстарын одан әрі жалғастырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кең ауқымды мүмкіндіктерін аша түсуді көздеп отыр.

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында күнделікті неғұрлым жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тізімі айқындалуда. Соттар әуелгі кезекте жеке меншікті қорғауға, бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауға, салық-бюджет саясатын жақсартуға, бюджетті оңтайлы қолдануға, инвестициялық даулар бойынша біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, қоғамдық қауіптілігі төмен экономикалық қылмыс құрамдарын қылмыссыздандыруға қатысты мәселелеріне ден қойып отыр. Жоғарғы сот Жолдаудың басымдықтары бойынша сот практикасына қорыту жүргізіп, заңнаманы қайта тексерістен өткізуді және тиісті органдарға кешенді ұсыныстар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаржылық секторды «қайта жүктеу» бөлігінде коллекторлық қызмет туралы заң жобасы бойынша және банктерге арнайы талап-арыздардың ескіру мерзіміне қатысты бірқатар түзетулер ұсынылды. Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесіне жіті назар аударылуда. Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан экономикасының тартымдылығын арттыру жұмысын күшейту бағытында инвестициялық даулар бойынша біркелкі сот практикасын қорыту, заңнаманы жетілдіру мәселелері қолға алынды.Соттар қоғамдық қауіптілігі төмен экономикалық қылмыс құрамдарын қылмыссыздандыру, мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіре отырып, аз көлемде айыппұл салу институтын қайта қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөліп отыр. Жолдау талаптарын жүзеге асыру барысында бұл жұмыстар одан әрі дамытыла береді.

Жоғарғы соттың сайты Қазақстандағы мемлекеттік органдар сайттарының үздігі болып танылып отыр. Жалпы, сот жүйесінде енгізіліп отырған барлық жаңа сервистік қызметтер халықтың сот құжаттарына қолжетімділігін арттырып, олардың сотқа деген сенімділігін одан әрі нығайта түседі. Үшінші жаңғыру жаһандық бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталып отыр.Оған жеткізетін жолсандық технологияларға негізделген келешегі зор салаларды дамыту болып табылмақ. Бұл осы жұмыстардың жүзеге асырылуының заңдылығы мен әділеттілігін қамтамасыз етудің кепілі болатын соттарға да зор жауапкершілік пен міндет жүктейді.

Орта және шағын бизнесті, кәсіпкерлікті қорғау сот төрелігін атқарудың ғана емес, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырудың да маңызды мәселесі болып қала береді. Жоғарғы сот бұл бағыттар бойынша қазірдің өзінде нақты жұмыстана бастады. Жекеменшікке қол сұғатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың санаттары бойынша сот тәжірибесін талдау және осы құқықбұзушылықтарды жасаудың негізгі себептерін айқындау міндеті қойылып отыр. Бизнес ортаны жақсарту және кеңейту мақсатында биыл Жоғарғы соттың «Салық заңнамасын қолдану бойынша сот практикасы туралы» жаңа нормативтік қаулысы қабылданбақ. Салық - бюджет саясатын жақсарту мақсатында мүліктік және көліктік салықтар бойынша салықтық қарыздарды өндіріп алу туралы дауларды соттан тыс шешу тәртібі бойынша құралдарды әзірлеу міндеттеліп отыр. Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер» мен «Кеден ісі туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге салық жинау және кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына ұсынымдар әзірленді. «Еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін үшінші жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы өзінің заңды арнасын тауып дамып келеді.Жолдау талаптарын жүзеге асыру барысында бұл жұмыстар одан әрі дамытыла береді.

 

Астана қалалық сотының судьясы

Т.О. Тұрсынов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.