Бас прокуратурада «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бірінші ақпараттық сессиясы өтті
Бас прокуратурада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарлама кеңсесінің (бұдан әрі - Жобалық кеңсе) бірінші ақпараттық сессиясы өтті.
Бас Прокурор Жақып Асанов өзінің алғы сөзінде Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілеріне тоқталды. Сонымен қатар ол қоғамдық сананы жаңғырту барысында қойылған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін жобалық бастаманы енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ прокуратура органдары жұмысына жобалық менеджменттің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы – Жобалық кеңсенің басшысы Арман Евниевке алғыс білдірді.
Бағдарламаның іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шаралар мен аталған құжаттың бағыттарын одан әрі нақтылы жүзеге асыру барысын Арман Евниев, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, «Ел тірегі» ішкі бағдарламасының әкімшісі Асқар Кереев пен «Қазына» ішкі бағдарламасының менеджері Гаухар Тасбергенова баяндады.
Шараның қорытындысы бойынша спикерлер өзара пікір алмасып, Елбасы мақаласын насихаттау жұмысы өз жалғасын табатындығын айтты.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір