Бас прокуратурада өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында Ұлт жоспарының іске асырылуы талқыланды

Бас прокуратурада өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында Ұлт жоспарының іске асырылуы талқыланды

21 қараша 2017 жыл, Астана. Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің отырысына Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Премьер-министр кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Мұрат Баймұқашев, сонымен қатар Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Ұлт жоспарының 28-34-ші қадамдарының іске асырылу мәселелері талқыланды. Бұл - полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсарту (28), құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу (29),   жергілікті полиция қызметін құру (30), азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету (31), «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру (32), сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру (33), пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту (34) болып табылады.

Күн тәртібінің екінші және үшінші сұрақтары құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің жекелеген  мәселелері болды.

Жақып Асанов алғы сөзден кейін шара қатысушыларының назарын көтеріліп отырған мәселердің маңыздылығына аударды, сондай-ақ Ұлт жоспарының жекелеген қадамдарының іске асырылуындағы құқық қорғау органдары тарапынан тиісті деңгейде  орындалмағандығына тоқталды.

Ұлт жоспарының 28,30,31,33 және 34-қадамдарының Ішкі істер министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ведомствоның вице-минстрі Ерлан Тургумбаев баяндады.

32-қадамның жүзеге асырылуы жөнінде Комитеттің төрағасы (ҚСжАЕК) Бағдат Мусин есеп берді.

Б.Мусин қатысушыларға «Қылмыстық құқық бұзу картасының» мүмкіндіктеріне тоқталып, аталмыш карта азаматтарға сол немесе басқа да төңіректегі қылмыстылық ахуалын бақылауға арналған өте ыңғайлы құралға айналғанын айтты.  

Сонымен қатар Картаның мүмкіндігін одан әрі кеңейту мақсатында Комитет тарапынан «Қылмыстылықты сараптау» атты геоақпаратты карта әзірленді. Бұл бағдарлама енгізілген параметрлер негізінде өңірдегі қылмыстылықтың ошағын анықтап, қылмыстың құрылымы мен мерзімінің кестесін  көрсете алады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен жылдың желтоқсанында ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жол картасының орындалуын, сондай-ақ Ұлт жоспарының 29-қадамының іске асырылуы жайлы Ұлттық бюроның басшысы Талғат Татубаев баяндады.  

Үйлестіру кеңесінің жұмысын қорытындылай отырып, Бас Прокурор прокуратура органдары тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасын ойдағыдай жүзеге асырудағы мысалдармен бөлісті.

 «Кадрларды іріктеу орталығы құрылды. Е-қылмыстық іс әзірлеп, қолданысқа енгізілуде, қылмыстық процесті оңтайландыру үстіндеміз. Пилоттық режимде Әкімшілік құқық бұзушылықтың біріңғай тізілімін іске қостық. Құқық қорғау қызметтері орталығын аштық. Дәл осындай шаралар, жалпы алғанда Ұлт жоспарын іске асыру болып табылады. Ұлт жоспарының сәтті жүзеге асуы бізге - құқық қорғау органдарының басшыларына байланысты», - деді Асанов.

Отырыстың нәтижесінде бағдарламалық құжаттың тиісті дәрежеде жүзеге асырылуы, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық пен азаптауға қарсы одан әрі жұмыстарды ұйымдастыру  бойынша ұсынымдар әзірленді

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.