Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ 2017 жылы жүргізген жұмысын қорытындылады

Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ 2017 жылы жүргізген жұмысын қорытындылады

2017 жылғы 5 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың жиналысы өтті. Күн тәртібінде: мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері.

Жиналыс жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, орталық мемлекеттік органдардың басшылығы, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Жиналысқа қатысушылар МҚІСЖҚА-мен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін жетілдіру, ондағы жемқорлық қатерлерін, әкімшілік кедергілер мен бюрократиялық рәсімдерді жою бойынша жүргізілген жұмысты қорытындылады.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті Мусағали Дуамбеков Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың мүшелері ағымдағы жылдың қыркүйек пен қараша айларында Қазақстанның 8 өңіріне – Алматы қ., Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына сапар шекті.

АМТ мүшелері Агенттікпен бірлесіп ауыл деңгейіне дейіндегі көші-қон, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, жер қатынастары саласындағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді, коммуналдық қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, оның ішінде кәсіпкерлер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарын тексеру барысында халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына көңілі толмау себептері анықталды.

Өңірлерде халықпен сұхбат бұл мәселеге қызмет алушылар тұрғысынан көруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде барлық себептер жойылды.

Оған айқын мысалдың бірі – Алматы қаласының Алатау ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының өзгеруі. Ғимарат сапалы жөнделген және қызмет көрсету аймақтарына тиімді бөлінген, электрондық кезек орнатылған, кедергісіз қызмет көрсетуге және қызмет алушылардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кезекте күтуіне қажетті жағдай жасалған (пандустар, дене арқылы сезіну тақтайшалар және басқалар орнатылған).

Электрондық кезекті енгізу, қызметті өзгерту, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, көші-қон полициясы, Қазпочта және ХҚКО қызметкерлерінің жұмыс кестелерін үйлестіру, азаматтарға қызмет көрсету кезінде эксаумақтық принципті енгізу, барлық деңгейдегі әкімдердің қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жақсартуға қызығушылығы мен өзара іс-әрекеттің күшеюі, «делдардар» мен жеке мүдделерді қолдауды жою бойынша өңірлерде мол жұмыс істелді.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі және Арнайы мониторингтік топтың мүшесі Айгүл Соловьева мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасының сақталуы және шенеуніктердің көлік құралдарын жеке мақсаттарда пайдалануы мәселелерін көтерді.

Қоғамның бақылауы нәтижесінде ұлттық экономика, энергетика, инвестициялар және даму және басқа министрліктерде мемлекеттік қызметшілердің жұмысты артық істеу фактілері қысқартылды.

Айгүл Соловьеваның сөзінше, шенеуніктердің қызметтік автокөліктеріне арнайы жапсырмаларды орнату олардың қызметтік көліктерін жеке мақсаттарда пайдаланғанын айқын көруге мүмкіндік берді.

Мысалы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерін жеке мақсатта пайдаланған фактілері анықталды. Кінәлі адамдар тиісті жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі қоғамды өз азаматтық ұстанымын белсенді білдіруге тағы да шақырды.

Өз кезегінде, жиналысқа қатысқан қоғамның басқа да өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін құрылған және қызметтерді халыққа сапалы және кәсіби көрсетуге арналған. Сондықтан орталық және жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын осы ұйымға беру қажет.

Бұдан бөлек, қоғам өкілдері 2018 жылдың басында Елбасыға енгізілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманың мазмұны мен құрылымын белсенді талқылады.

Жиналысты Агенттік Төрағасының орынбасары А. Шпекбаев қорытындылады.

«Сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету қазіргі уақытта мемлекеттік аппарат тиімділігінің басты көрсеткіштерінің біріне айналды.

«Электрондық үкімет» пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның тиімді қызметі шенеуніктердің азаматтармен қатынасын азайтты және тұрмыстық жемқорлық деңгейін айтарлықтай кемітті.

Біз өз тарапымыздан қоғамы толықтай қолдап, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша үлкен және жоспарлы жұмысты бастадық. Алдын айтып кеткенімдей, бұл жұмыс – бір ретті сипаттағы жұмыс емес, тұрақты және жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Біз бұл бизнес-процестерді жетілдіруге және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде азаматтар үшін ыңғайлы жағдай жасауға алып келеді және мемлекеттік қызмет беру мәдениетін қалыптастырады, сондай-ақ осы саладағы жемқорлықты жояды», - деді ол

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.