Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі

Жемқорлық - мұқият зерттеулер мен жүйелік тәсілді, күрделі қарсы іс-қимылды қажет ететін бұл заманның дерті десек қателеспейміз. Елдегі бар сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуға, инвестициялық климатқа кері әсерін тигізеді, еліміздің беделін төмендетіп, халықаралық ынтымақтастықты орнатуды қиындатады.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты бағдарларының бірі болып табылады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база құрылды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік-құқықтық база қолданыстағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындатқан 17 заңнама жақсартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелеріне оң әсерін тигізетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдардың арқасында бұрын соңды болмаған әртүрлі жоғары лауазымдағы шенеуніктер ұсталынып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция елдер арасында келісімдерге қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Осы қағидаттарды ұстанып халықтың жемқорлыққа қарсы мәдниеттің де қалыптасқаны барлығымызға мәлім. Алайда, жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды және аса тиімді деп айту ертерек шығар, өйткені, жемқорлықпен қатысты көрсеткіштер мәз емес. Осыған қатысты, Қазақстан Республикасы Президенті маңызды міндеттерінің бірі ретінде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру: «Біз экономиканың әртүрлі салаларын, мемлекеттік басқаруды, соның ішінде құқық қорғау органдарын реттейтін заңнаманы терең түгендеуіміз керек» деп бағдарды айқындап берген еді. Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарда жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бес институционалдық реформада көрсетілген.

Қазіргі таңда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп аталатын заң енгізілген, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар (мүлікті тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру т.б.) үшін жауапкершілікті қатайтып, процессуалдық заңнамаға түзетулер көп жасалды. Осы заңды іске асыру үшін, азаматтардың күнделікті насихат жүргізу қажет. Әсіресе насихат БАҚ-та қарқынды жүрі керек, өмірден алынған мысалдар жариялап. Сонда біз халыққа жемкорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін тәрбиелейміз.

 

Астана қаласы Ессіл аудандық сотының

Бас маман – сот отырысының хатшысы

Е. Полат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.