БАҚ үшін аңдатпа
А.ж. 24-қарашасында сағат 17:00-де «Қазақстан концерт» залында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелердің арасында «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық республикалық байқау өтеді.
Байқауда Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ Ішкі істер және Қорғаныс министрлігінің өкілдері өзара бақ сынасатын болады.
Аталған байқаудың негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау, сонымен қатар құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелердің қызметкерлерінің бір ортада басын қосып, ел мүддесі жолында аянбай қызмет атқаруына, бойларындағы бар қабілетін көрсете отырып, қазақ тарихы мен рухани мұрасын тануға жағдай туғызу болып табылады.
Командалар 2 айналым бойынша сайысқа түсетін болады. Біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұрады.
Осыған орай шараны БАҚ-та кеңінен жариялау үшін тілшілер шақырылады.
БАҚ өкілдерін тіркеу а.ж. 23-қарашасы сағ. 18.00-ге дейін 71-28-19 телефоны және press@prokuror.kz электрондық мекенжайы арқылы жүргізіледі.
Өткізілетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1, «Қазақстан концерт» залы.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]