Кворумсыз және тыңдаусыз: ШҚО-да жерді бөлу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды

Кворумсыз және тыңдаусыз: ШҚО-да жерді бөлу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында Заңнама талаптарын бұза отырып қабылданған Жер комиссияларының шешімдері азаматтарға жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартуыға себеп болды. Бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өңір тұрғындарының өтініштерін қарау барысында анықтады.

2026 жылдың басынан бастап Департаментпен 48 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Жұмыс мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және заңдылықтың сақталуын жүйелі бақылау шеңберінде жүргізіледі.

Ең көрнекті жағдайлардың бірі Маркакөл ауданында орын алған жағдай болды. Тұрғындар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруден бас тартқаннан кейін шағымдармен жүгінді.

Жүргізілген тексеру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын өрескел бұзушылықтарын анықтады, атап айтқанда жер комиссиясы қажетті кворум болмаған жағдайда шешім қабылдағаны анықталды. Заңнамада комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің қатысуы көзделгеніне қарамастан, іс жүзінде отырысқа тоғыздан тек үш адам қатысқан.

Бұдан басқа, лауазымды тұлғалар өтініш берушілерге бас тарту алдында тыңдаудың міндетті рәсімін сақтамаған, бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына қайшы келеді және азаматтардың өтініштерін объективті қарау құқығын бұзады.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент қабылданған шешімдерді қайта қарауды талап етті. Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, өтініштер қайта қарауға жіберілді.

Осындай факт Катонқарағай ауданында да анықталды. Көрсетілетін қызметті алушыларға жерлердің бос еместігіне және жобалау жұмыстарының жүргізілуіне сілтеме жасай отырып, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруден бас тартылды. Алайда, тексеру бас тарту үшін жеткілікті негіздердің жоқтығын көрсетті.

Департаменттің араласуынан кейін шешім қайта қаралды, өтініш берушілер жер комиссиясының оң қорытындысын алды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған фактілер жер саласындағы заңнаманың сақталуын тұрақты бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұзушылықтарға уақтылы ден қою азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

Е.М. Айқымбеков

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.