Ақмола облысында 354 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында 2024 жылдың тоғыз айы бойынша қызметінің қорытындысын шығарды.
Мәселен, талданып отырған кезеңде Департамент жүргізілген тексерулер мен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 78 мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қорғады және қалпына келтірді, олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарда профилактикалық бақылаулар мен жоспарлы тексерулердің қорытындылары бойынша – 70 және 8 жоспардан тыс тексерулер мен азаматтардың өтініштері бойынша.
Мысалы, қызметкердің тәртіптік жауапкершілікке тартылумен келіспеу туралы өтінішін қарау қорытындысы бойынша және тәртіптік комиссияның шешімімен Департаменттің бұзушылықтарын жою туралы ұсыныс негізінде тәртіптік комиссияның шешімі жойылды және орындаудан кері қайтарылды.
Кейбір жағдайларда Департамент қызметшінің құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптарды сот органдарында да сүйемелдейді, осылайша, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасарының лауазымынан босатуға келіспеу туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша Департаментпен тәртіптік жаза қолдану тәртібін өрескел бұзушылықтар анықталды және тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Бұдан басқа, қызметші бұзылған құқықтарды қорғау туралы талап арызбен сотқа өз бетінше жүгінді, ал Департамент талапкер тарапынан үшінші тұлға ретінде процеске кіре отырып, қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде орын алған бұзушылықтарды көрсетті.
Қорғалжын аудандық сотының шешімімен қызметші атқарып отырған лауазымына қалпына келтірілді, сондай-ақ сот жұмыс берушіге мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақы сомасын, сондай-ақ келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеді.
Талдау жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді, осылайша, жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша 98 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау жөніндегі қызметін талдау қорытындысы бойынша Бурабай ауданының құрылыс бөлімінің қызметкерлері іссапар шығындарын төлемей бірнеше рет іссапарға жіберілгені анықталды, бұл туралы қызметкерлерден оларды төлеуден ерікті түрде бас тартуға өтініштер талап етілді.
Ал қолданыстағы заңнама мұндай бас тартуды көздемейді, ал осы төлемдерді қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне жатқызуға байланысты жұмыс берушінің қызметкерге іссапар шығындарын өтеуі міндетті болып табылады. Демек, жұмысшылар іссапар шығындарын алу құқығынан негізсіз айырылды.
Департамент араласқаннан кейін мемлекеттік органның екі қызметкеріне 88 608 теңге сомасына іссапар шығыстары төленді және аталған адамдардың құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 19 заңсыз актінің күші жойылды.
Бұл жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші оның пікірі бойынша негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екенін атап өткен жөн.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.
Жұмыс уақытының режимін сақтау мониторингі бойынша жүргізілетін жұмыстың қорытындысы бойынша 189 қызметшінің құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді, осылайша 117 мемлекеттік органға бару қорытындысы бойынша 12 акт жасалды, оның негізінде 40 қызметшіге демалыс сағаттары берілді, 149 қызметшінің құқықтары есепке алуды бақылау жүйесінің мониторингі арқылы қалпына келтірілді, оның нәтижелері бойынша оларды үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды.
Барлық қабылданған шаралар бізге еңбек бұзушылықтарының санын қысқартуға, сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дархан Хайруллин,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
[xfvalue_img]