«Адалдық — үздіктердің таңдауы»: Ақмола облысында жастарға арналған TEDx-семинар өтті

«Адалдық — үздіктердің таңдауы»: Ақмола облысында жастарға арналған TEDx-семинар өтті

Ақмола облысында жастар арасында адалдық, ашықтық және әділдік сияқты құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Адалдық — үздіктердің таңдауы» атты TEDx өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ қазіргі қоғамда табысқа жетудің негізгі факторлары ретінде адалдық пен жауапкершіліктің рөлін түсіндіру.

TEDx барысында спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби қызметтеріндегі маңызды кейстер туралы айтып берді.

Қатысушылар XXI ғасырда адалдық, ашықтық және мінсіз бедел қоғамдағы әділдіктің басты көрсеткіштерінің біріне айналғаны туралы пікір алмасты.

Іс-шара спикерлері мен олардың сөйлеген тақырыптары:

Райхан Братаева – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары / «Неліктен адалдық басты трендке айналды?»;

Ерлан Закирьянов – «Әкелер одағы» РҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы / «Ар-намыс негізі: сатылмайтын ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады?»;

Айым Алтай – Ақмола облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры / ««Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудағы прокуратураның рөлі».

Іс-шараға Ақмола облысы колледждерінің студенттері — барлығы 150-ге жуық адам қатысты.

TEDx жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы                Аманжол Құсайынов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.