Сандықтауда адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Сандықтауда адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Сандықтау ауданында аудан активінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шара мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамда әділдік құндылықтарын дәріптеу мәселелеріне арналды. 

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева арнайы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы негізгі басымдықтар туралы баяндады. Ол мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтудың, ашықтықты арттырудың және профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталды. 

Іс-шараның басты ерекшелігі – оған аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтер мен елді мекендердің өкілдері де белсенді атсалысты. Шалғай ауылдық округтердің әкімдері «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде қосылып, өз пікірлерін білдірді. 

Кеңес барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Бейімбет Қалымтай баяндама жасап, аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалар туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. 

Жиынға қатысушылар ашық диалог форматында пікір алмасып, халық арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстарын күшейту және алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыру жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды. 

Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені атап өтіліп, бұл бағыттағы жұмыстарды ауданның барлық деңгейінде одан әрі күшейту туралы ортақ шешім қабылданды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.