СҚО-да полицейлер студенттерге адам саудасының құрбану болмаудың жолдары туралы айтты

СҚО-да полицейлер студенттерге адам саудасының құрбану болмаудың жолдары туралы айтты

https://youtu.be/aUO3bMQ-l0I

Жасөспірімдерге адам саудасымен байланысты қылмыстар туралы ескерту – мұны СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға алды. Олар басқа полиция қызметтерімен бірге «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

ҰҚҚКБ қызметкерлері колледждердің студенттерімен кездесіп, адамдарды пайдаланудың түрлері туралы айтуда, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретеді. Адам саудасына жыныстық пайдалану, мәжбүрлеп еңбекке тарту, борыштық құлдық, некеге тұруға, қайыршылыққа мәжбүрлеу, органдарды сату кіреді.

Қылмыскерлер ғаламторда көбінесе жоғары жалақысы бар жалған бос орындар, оқуға арналған гранттар ұсынады, некеге тұруға шақырады, тіпті жұмысқа орналастыруға шақыратын жалған агенттіктер немесе модельдік агенттіктер арқылы адамдарды алдайды. Барлық қауіпті жағдайларға нақты мысалдар келтірілді.

Ұсынылған бос жұмыс орындарын, ықтимал жұмыс берушінің беделін мұқият зерделеу қажет. Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды – қаскөйлер бопсалау мақсатында оларды пайдалануы мүмкін. Жол жүру кезінде ешкімге өз паспортыңызды беруге болмайды, жеке құжаттарыңыз өзіңізде болуы қажет. Адам саудасы фактілері туралы 116-16 «қауырт желісіне» немесе «102» арнасына хабарлауға болады.

Жастар арасындағы ақпараттық жұмыс «2025 жылға арналған жезөкшеліктің әлеуметтік профилактиксы бойынша Жол картасы» тармақтарын іске асыру шеңберінде облыстың білім басқармасымен бірлесіп ұдайы жүргізіледі.

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/kak-ne-stat-zhertvoj-torgovli-lyud-mi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.