Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған дәрістер өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған дәрістер өтті

Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған дәрістер өтті

Астана қаласы Полиция департаменті Кибер қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мекемелерде ақпараттық дәрістер өткізді.

Іс-шаралар Орталық сайлау комиссиясы, “Астана-Энергия” ЖШС, Қорғаныс министрлігі сынды маңызды мекемелерде ұйымдастырылды. Бұл кездесулер барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың ең жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы айтып, олардың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндірді.

Дәрістер барысында азаматтарға бейтаныс нөмірлер мен сілтемелерге сақтықпен қарау, банк картасы деректерін, құпия сөздер мен SMS-кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді онлайн сауда платформаларында ақша аударымдарын жасамау, алаяқтық жағдайына тап болған кезде бірден полицияға хабарласу туралы кеңестер берілді.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытып, өздерінің жеке мәліметтерін қорғауға шақырады. Интернет-алаяқтыққа қарсы күресте ішкі істер органдарының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.