СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшының бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымына ротация тәртібімен Алмат Мырзалиев тағайындалды.
Алмат Болатұлы Алматы облысының тумасы, жоғары білімі бар.
1998-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткерген.
2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) атқарушылық және басшылық құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
[xfvalue_img]