Полиция қызметкеріне алғыс

Полиция қызметкеріне алғыс

Елорда тұрғыны азаматтарға деген мейірімділігі мен қамқорлығы үшін Астана қ. Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Хасенов Тимурға алғысын білдірді.

Тимур өзіне бекітілген қызметтің жауапкершілігін түсінетін тәртіп сақшысы. Ол қала ғимараттарының бірінде болған  іс-шарадан шығып келе жатқан әйел адамның ауырып тұрғанын байқаған. Жанына жақын келіп көмек қолын созуды ұсынған. Ол таяққа сүйеніп, аяғын сілтеп басып келе жатқан. Полицей оған барар жеріне дейін жеткізіп тастауға ұсыныс білдірген.

Дәл осындай қамқорлықты полиция қызметкерінен сезінген әйел өз алғысын жаудырды. «Біраз уақыт өткеннен кейін де Тимур мені алыстан танып, амандасып, көлік тұрағын табуға көмектесті» - дейді.

«Осындай қызметкер үшін командирлеріне және ата-анасына үлкен рақмет. Қызметінде жетістік, жоғары дәрежелер, бақыт және денсаулық тілеймін! Сонымен қатар, жылдар өткен сайын мейірімділік пен жанашырлықты жоғалтпайтынына сенемін. Барлық полиция қызметкерлері Тимурдан үлгі алсын дегім келеді» - деп жылы лебізін білдірді.

Астана қ. ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.