Бес тілде қызмет көрсетуді қиын деп санамайтын елордалық полицей
«Туристерге қызмет етіп, неше түрлі тілде сөйлеген өзіме ұнайды» - дейді Астана қ. ПД патрульдік полиция полкінің туристерге қызмет көрсету взводының инспекторы Жеңіс Өнербек.
36 жасар полицей ана тіліміз - қазақ тілінен басқа орыс, ағылшын, қытай, ұйғыр тілін жетік меңгерген маман. Бес тілде бұлбұлша сайрайтын тәртіп сақшысы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерге көмек көрсетеді.
Өнербек жұмыс барысындағы жанына жақын бір оқиғамен бөлісті. Қытай елінен келген азамат «Бәйтерек» монументінің жанында суретке түсіп тұрған кезде, орындыққа сөмкесін қойып кетеді. Қайтып айналып келсе, сөмкесі жоқ. Ол барлық жерден қарап, қытай тілінде ешкімге түсіндіре алмаған соң, полиция қызметкерлеріне көмек сұрап келеді. Қытай тілінде еркін сөйлейтін Орынбекке бұл мүлде қиын болмады. Полицей оқиғаның қалай болғанын қытай турисінен сұрап, бір сағатта сөмкесін тауып берген.
Барлық құжаттары мен қаражатынан айырылып қалам ба деген қытай азаматы көзіне жас алып, тәртіп сақшысына алғысын білдірген.
Сонымен қатар, ол түрлі әдеби шығармалар мен поэзиялар оқып, өз қаламынан шыққан өлеңдерді жинақтаған.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]