СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың қаупі туралы жұмысшыларға айтып жатыр

СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың қаупі туралы жұмысшыларға айтып жатыр

СҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 50-ден астам фактісі тіркелді. Көбінесе жұмысшы мамандықтарының өкілдері қаскөйлердің құрбаны болған. Сондықтан полиция қызметкерлері еңбек ұжымдарына арналған түсіндіру сипатындағы алғашқы кездесулердің бірін «Мұнаймаш» АҚ-ның зауытында өткізді.

Полиция қызметкерлері жұмысшыларды желілік алаяқтықтың жаңа схемалары жайлы құлағдар етті. Қылмыскерлер әр түрлі ұйымдардың (медициналық, байланыс, коммуналдық қызметтер, құқық қорғау органдары және т.б.) атынан қоңырау шалады. Адамнан sms арқылы келген кодты біліп алу үшін кез-келген сылтау айтып, сендіруге тырысады. Содан кейін бірден «банктен қоңырау шалу» әдісі қолданылады, оның мақсаты – жәбірленушіні үлкен несие алуға мәжбүрлеу және ақшаны «қауіпсіз шотқа» салу. Бұл шоттағы қаражат алаяқтардың қалтасына түседі.

ҚР ІІМ жариялаған «Полиция заң мен тәртіп күзетінде» профилактика жылы аясында СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалпы ахуалға талдау жасап, түсіндіру жұмыстарын жоспарлайды, түзетулер енгізеді. Енді әлеуметтік желілерден киберқылмыстар туралы ескертетін материалдарды көруге уақыты аз жұмысшыларға баса назар аударылады. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғаспақ.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.