Жыл басынан 362 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді: СҚО-да полицейлер сақтық шараларын түсіндіріп жатыр

Жыл басынан 362 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді: СҚО-да полицейлер сақтық шараларын түсіндіріп жатыр

Солтүстік Қазақстанда полицейлер облыс орталығының дәріханаларында кезекті профилактикалық акция өткізді.

Тәртіп сақшылары әкімшіліктің келісімімен парақшалар жапсырып, алдын алу сипатындағы жадынамалар таратты, алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы айтып, қарт адамдармен әңгімелесті.

Қаскөйлердің ең қауіпті әдістерінің бірі — «банктен қоңырау шалу». Алаяқ өзін банктің жалған қызметкерімін деп таныстырып, жәбірленушіні миллиондаған несие алуға және «қауіпсіз шотқа» аударуға сендіреді, шын мәнісінде, қаражат алаяқтардың қолына түседі. Көбінесе қылмыскерлер адамдарға ұялы телефондарына күмәнді қосымшаларды орнату қажет екенін айтып, бөгде операциялардан қорғайды ден сендіреді. Бірақ, бұл – құрылғыны қашықтан отырып басқаруға мүмкіндік беретін қосымша. Алаяқтар осындай бағдарламалар арқылы жәбірленушінің телефонын басқарып қана қоймай, оның атынан несие ресімдей алады.

Интернеттегі алаяқтықтың жартысына жуығы осылай жасалады. СҚО-да жыл басынан интернет-алаяқтықтың 362 дерегі тіркелді, оның 140-ы «банктен қоңыраулар шалу» әдісімен жасалған.

Қорғаудың сенімді әдістерінің бірі – eGov.mobile қосымшасында 6 айға несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін қосу. Бұл функцияны қосқан адамның атына алаяқтар несие ресімдей алмайды. Полицейлер адамдарды осы қызметті пайдалануға үгіттейді.

Осындай жұмыстарды полицейлер «Құқықтық тәртіп» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіп жатыр, оның негізгі мақсаттарының бірі – адамдарды интернет-алаяқтардан қорғау.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі

https://polisia.kz/biyl-sqo-da-362-internet-alayaqtyq-faktisi-tirkelgen/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.