СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауымен ұзаққа созылған құрылыс аяқталды
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуімен Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 27 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бастапқы құны 324,8 млн теңге тұратын тұрғын үйдің құрылысы мердігер ұйым «G5 Maintenansе services company» ЖШС 2022 жылдың басында аяқталуы тиіс еді, алайда 2023 жылдың соңына қарай ғимараттың тек 1-ші қабаты ғана тұрғызылды.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін, тапсырыс берушінің бастамасымен құрылыс мерзімінің бірнеше рет бұзылуы, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу кестесінен ауытқу себебі бойынша мердігермен шарт бұзылды.
Нәтижесінде ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК жаңа мердігер ұйымы анықталды, онымен барлық жұмыстар кестеге сәйкес орындалды және ағымдағы жылдың 15 қаңтарында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй сәтті пайдалануға берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
[xfvalue_img]