Ақмола облысында зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы аяқталу сатысында
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салу барысын қадағалау мақсатында Ақмола облысына келді.
Министр облыс тұрғындары жақын арада көшетін құрылыс нысандарын аралады. Облыста барлығы 286 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның ішінде Есіл ауданы, Есіл қаласы мен Жарқайың ауданы, Пригородное ауылындағы құрылыс толығымен аяқталып, тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
167 нысан құрылыс сатысында. Мәселен, Бұланды ауданында 114 үйдің 78-інің құрылысы аяқталса, Вознесенка ауылында 10, Журавлевкада 22, Иванковкада 4 тұрғын үй құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ал Атбасар қаласында 3-ші көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын, үшінші үйдің жұмысы жақын арада аяқталады деп күтілуде.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету барысы туралы халықты ақпараттандыруды жалғастырады.
[xfvalue_img]