Заң және балалар: қатесіз болашақ
Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының прокуратурасы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы және атқарушы органдармен бірлесіп Бас прокуратураның «Заң және тәртіп» тапсырмасына сәйкес «Заң және балалар: қатесіз болашақ» тақырыбында мектеп оқушылары арасында шығармашылық байқау өткізді.
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында ақтық сайыс өткізіліп, онда 5 үздік команда мектептегі қорлау, бұзақылық және т.б. жастар арасындағы өзекті тақырыптарға өздерінің бірегей туындыларын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар, сондай-ақ олардың тәлімгерлері мен ұстаздары құнды сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жалпы алғанда, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы қылмыстың алдын-алуда маңызды рөл атқарады, қылмыстық әрекеттердің салдарын және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚұқықтықМәдениет
#үлкенгеқұрмет
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]