Жамбылдық полицейлер балалар арасында асфальтқа сурет салудан байқау өткізді

Жамбылдық полицейлер балалар арасында асфальтқа сурет салудан байқау өткізді

Ел Президенті жариялаған Балалар жылы аясында, сондай-ақ Халықаралық балаларды қорғау күніне орай полицейлер облыс әкімдігімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, "Жарқын болашақ" атты балалар арасындағы асфальтқа сурет салудан дәстүрлі байқау өткізді.

Іс-шараның мақсаты- көркем образдар жасау, балалардың қоршаған әлемнің сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, жарқын болашаққа сену және дұрыс мақсаттар қою арқылы балаларға тән шығармашылық әлеуетті ашу.

Байқау облыс орталығындағы "Жастар" аллеясында өтті. Әртүрлі жастағы оқушылар түрлі-түсті борды пайдаланып, асфальтқа жарқын болашақ пен әлем туралы түсініктерін өз тұрғысынан бейнеледі. Суреттердің сюжеттері де түрліше болды: біреуді күн бейнесіндегі әлем тақырыбы шабыттандырса, ал біреулері өз отбасын және бейбіт ашық аспанды бейнелеген.

- Мен ағаштарды, күнді, кемпірқосақты бейнеледім, өйткені таза табиғатсыз болашақ мүмкін емес деп ойлаймын. Мен өзімнің жұмысыммен қоршаған ортаны ластамау қаншалықты маңызды екенін жеткізгім келеді. Бүгінгі байқау маған өз ойымды барынша айқын білдіруге мүмкіндік берді, - деп атап көрсетті Гайдар атындағы №35 орта мектеп оқушысы Исматула Алиев.

Бұдан кейін қатысушылардың назарына Жамбыл облысының ПД арнайы мақсаттағы бөлінісінің жауынгерлік тәсілдері бойынша көрнекі көрсетілімдері ұсынылды.

Мерекелік іс-шара соңында барлық қатысушылар Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

- Бүгін біз балаларға мереке ұйымдастырып, жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді. Әрбір баланың дені сау және ата-анасының қамқорлығынан шет қалмағанын қалаймыз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын, басталған әрбір жаңа күн берекелді және қызықты болсын. Ата-аналарға шыдамдылық, төзім мен сәттілік тілейміз. Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін біз үлкен жауапкершілікте екенімізді ұмытпаңыздар, - деп тұжырымдады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Оксана Семенова.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.