Полиция қызметкеріне арналған жылы сөздер
Астана қалалық полиция департаментіне Басқару колледжі директорының атынан полиция қызметкеріне арналған алғыс сөздер жазылған хат келді.
Хат авторы Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдар Жақыповтың бүкіл уақыт бойына өз міндеттерін сауатты және кәсіби түрде атқаратынын атап өтеді.
- Басқару орталығымен көп қырлы және жемісті ынтымақтастық үшін Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері Айдар Жақыповқа қатысты өзімнің шын жүректен және үлкен алғысымды білдіргім келеді. Оның кәсібилігінің, табандылығының, баға жетпес қолдауының арқасында біздің студенттер оқу және мансап жолдарын айтарлықтай байытқан іс-шараларға қатысу мүмкіндігін алды.
Айдар Жақыпов және оның әріптестері колледждің студенттеріне үнемі құқықтық және қауіпсіздік сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған профилактикалық сипаттағы дәрістер өткізеді. Ол іс-шаралар студенттердің болашақта қоғамдағы және еліміздің құқықтық жүйесіндегі рөлін қалыптастыруда маңызды кезең болып табылады. Полиция қызметкерлері студенттердің Полиция департаментіне барып, құқық қорғау органдарының жұмысымен танысуға, өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен бөлісетін маман иелеріне сұрақтарын қоюға көмектесті.
Полиция қызметкерлеріне студенттеріміздің құқықтық санасын тәрбиелеу мен кәсіби бағыт-бағдар беруге қосқан өлшеусіз үлестері үшін, жастардың болашағына деген ілтипаты, шыдамдылығы және шынайы қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Құрметпен және алғыспен, Басқару колледжінің директоры
- Мен үшін алғыс айту – ең жақсы марапат. Мен өз әрекетіммен полицияның дамуына үлес қосқым келеді. Адамдарға пайдалы болу, көмектесу менің міндетім – деп атап айтты полиция полковнигі
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]