СҚО-да полицейлер 3 күн ішінде жасөспірімдердің түнгі серуенінің 73 фактісін анықтады
Солтүстік Қазақстан облысында ювеналдық полицейлер өткен демалыс күндері полицияның басқа бөліністерімен, мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеді.
Түнгі көшелерде, көңіл көтеру орындарында, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Демалыс күндері облыс бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс болуының 73 фактісі анықталды. 11 жағдайда жас құқық бұзушылар мас күйде болған.
Бұдан бөлек, 29 ата-ана кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 20-сы жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталып, полицияға есепке алынды.
«Ювеналдық полиция қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмысының мақсаты – өскелең ұрпақты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғау, олардың тарапынан жасалуы мүмкін заң бұзушылықтарды ескерту. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберіндегі жұмыстың маңызды бағыты болып табылады», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]