"Дәрмек" жедел іс-шарасы: 2 күн ішінде жамбылдық полицейлер 16 есірткі құқық бұзушылығын анықтады
2023 жылғы 24-28 шілде аралығында Жамбыл облысының аумағында "Дәрмек" кең ауқымды жедел - алдын алу іс-шарасы өтуде.
Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 күн ішінде есірткі құқық бұзушылығының 4 фактісін анықтады. Атап айтқанда, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау дерегі (ҚР ҚК 4-бабының 296-бабы), құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 2 фактісі (ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі), есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі (ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі).
Полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында 12 дәріхананы, 1 емдеу мекемесін тексерді.
- Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2 күн ішінде ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша 12 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу). Заңсыз айналымнан 85 келіден астам каннабис және 138 гр. 500 мгр. кептірілген марихуана, 4 кг. 465 гр. "күкірт қышқылы" прекурсоры, 0,70 гр. синтетикалық есірткі алынды, - деп хабарлады полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
7 пікір