Қызметін интернет платформа арқылы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салық салу туралы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, бүгінгі таңда түрлі мобильді қосымшалар қолданылады, олар арқылы түрлі қызметтер ұсынылады (мысалы, тамақ немесе такси жеткізу).
Мұндай қосымшалар арқылы жеке тұлғалар ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істей алады және өз қалауы бойынша осындай қызметтерді ұсына алады. Бұл ыңғайлы, бірақ кемшілігі-әлеуметтік төлемдердің төленбеуіне байланысты мұндай жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктердің болмауы, яғни, әлеуметтік тәуекелдер кезінде олар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыларды ала алмайды.
Осыған байланысты, жұмыспен қамтудың барлық түрлеріне қарамастан, барлық жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын теңестіру үшін «платформалық жұмыспен қамту» сияқты жаңа жұмыспен қамту құралы әзірленді. Осы жұмыспен қамту сегментін реттеуді Мемлекет басшысы тапсырды.
Мәселен, әлеуметтік кодекске оператор, орындаушы, тапсырыс беруші сияқты арнайы ұғымдар енгізілді (ҚР Әлеуметтік кодексінің 102 - бабы 2-т. 1) және 3) тт.).
Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйегінде платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде интернет-платформаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтың тек 1% төлейді.
Пилоттың қатысушылары салық міндеттемелерін орындаудың бүкіл процесі автоматтандырылған арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолданады. Бұл ретте қатысушылардың салық есептілігін ұсыну қажеттілігі жоқ.
Платформалық жұмыспен қамту жөніндегі пилот өзінің қажеттілігін көрсетті, нәтижесінде 2024 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Салық және әлеуметтік кодекстерге (2024 жылғы қыркүйектен бастап күшіне енді) өзгерістер енгізуге қол қойды:
- әлеуметтік төлем ставкаларының мөлшерін 1% дейін төмендету (барлығы 4% - ЖТС, МЗЖ, СО, МӘМС, бұл ретте әлеуметтік төлемдердің стандартты ставкаларын қолдану құқығы сақталады);
- интернет-платформа операторларын салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және төлеу жөніндегі салық агенттері деп тану;
- интернет-платформада тіркелген орындаушылардың екі арнайы салық режимін қолдану мүмкіндігі.
Жоғарыда аталған түзетулер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жүктемені азайту, сондай-ақ салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу процесін жеңілдету мақсатында енгізілді.
Осылайша, интернет-платформа операторы интернет-платформада тіркелген орындаушының табысынан салық және әлеуметтік төлемдер сомасын ұстап қалуға және аударуға міндетті.
Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жүргізушінің екі және (немесе) одан да көп ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, оның барлық кірістері (жұмыс орны) бойынша туындайтынын атап өтеміз.
Яғни, егер жүргізуші бір уақытта бірнеше платформада жұмыс істесе, онда әрбір Оператор ЖТС және әлеуметтік төлемдерді жүргізушінің табысынан әр платформа бойынша бөлек ұстауға міндетті.
Осылайша, егер интернет-платформада тіркелген орындаушының тек такси қызметінен табысы болса, мұндай орындаушы арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолдануға міндетті.
Егер интернет-платформада тіркелген орындаушының такси қызметі бойынша кірістен басқа өзге де кіріс (дүкені) болған жағдайда, мұндай орындаушы екі АСР қолдануға құқылы, олардың біреуі міндетті түрде арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР болуы тиіс.
Бұл жағдайда салық және әлеуметтік төлемдер сомасын ұстап қалу және аудару бойынша міндеттеме келесідей жүзеге асырылады:
- интернет-платформаны (таксист) пайдалана отырып қызмет бойынша-орындаушы үшін міндеттеме интернет-платформа операторына жүктеледі;
- басқа қызмет бойынша-міндеттеме дара кәсіпкердің өзіне жүктеледі.
Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 141 Бұйрығы) интернет-платформада тіркелген орындаушылар қызмет түріне сәйкес келген кезде кез келген АСР-нен мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР-не ауысуға немесе екі АСР (олардың бірі міндетті-арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР) қолдануға құқылы.
Ол үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның екінші бөлімінде арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланылатын АСР, егер өзге де табыс болса екі АСР белгілеп, қағаз тасығышта Мемлекеттік кірістер органына тапсырады. Ал Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін пысықтағаннан кейін, бұл әрекеттерді «e-Salyq Business» арнаулы мобильдік қосымшасында жасауға болады.
[xfvalue_img]