Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын белсенді қадағалайды. Өз міндеттерін орындау шеңберінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 27-бабына сәйкес, департамент мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылауды жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қашықтықтан бақылау барысында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өңірдің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары анықталды. Атап айтқанда, Самар, Ұлан, Күршім және Зайсан аудандарының жер қатынастары бөлімдері 2024 жылғы 29 сәуірдегі ҚР Жер кодексінің 36-бабындағы мал жаюға арналған жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілмейді деген өзгерістерге сілтеме жасай отырып, жерге орналастыру жобаларын бекітуден бас тартқан.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімнің жер учаскесін беру туралы шешімін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар жерге орналастыру жобасын әзірлеп, оны қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерімен келісуі тиіс.

ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес, жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған сәттен бастап бір жылды құрайтынын атап өту маңызды. Тексеру мемлекеттік органдарға өтініштер келіп түскен сәтте бұл мерзімдердің аяқталмағанын көрсетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаңа заңдар азаматтардың жағдайын нашарлата алмайды немесе оларға жаңа міндеттер жүктей алмайды, яғни кері күші болмайды. Сонымен қатар, заңнаманы түсіндірудегі барлық күмән әкімшілік рәсімдерге қатысушылардың пайдасына түсіндірілуі керек.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге міндетті.

 Жоғарыда айтылғандарға байланысты, департамент жеті көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсынымдар жолдады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.