Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті.
Осылайша, бұған дейін жер заңнамасы мен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштерді жер комиссиясында қарау қажеттілігін жойған түзетулер енгізілді. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қорытындысымен айқындалады.
Алайда, мониторинг арысында Атбасар, Шортанды, Сандықтау, Жарқайын, Зеренді, Целиноград, Есіл аудандарының, Көкшетау және Қосшы қалаларының әкімдіктері мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұза отырып, осындай өтініштерді жер комиссиясының отырыстарында қарауды жалғастырғаны анықталды.
Жауапты лауазымды тұлғалар мұндай тәжірибені ақпараттық жүйеде азаматтардың өтініштерін сәулет саласындағы құрылымдық бөлімшелерге тікелей жолдау бойынша функционалдың жоқтығымен түсіндірді.
Осыған байланысты, Департамент жергілікті атқарушы органдардың атына мемлекеттік қызметтер көрсету туралы өтініштерді жер комиссиясының отырысында қарау практикасын тоқтату, сондай-ақ «Е-лицензиялау» жүйесінде оның функционалын пысықтау қажеттігі туралы нұсқау енгізді.
Нәтижесінде, 363 көрсетілетін қызметті алушының өтініштері әуре-сарсаңcыз, жер комиссиясының қатысуынсыз қаралды, 280 өтініш бойынша шешім қабылданды, қызмет алушылардың 16 кәсіпкерлік субъектілері.
[xfvalue_img]