ШҚО-да медициналық қызметтердің монополиялық жоғары бағасы үшін "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК айыппұл салды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында ақылы медициналық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және қолдауға байланысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталды.
Мәселен, "жұмыс уақытынан тыс босану үшін акушерді таңдау" қызметтерінің бағасы 2023 жылдың 9 айы кезеңінде 128% — ға, ал "жұмыс уақытынан тыс дәрігер босануды сүйемелдеу" қызметтерінің бағасы 118% - ға көтерілді.
2024 жылғы 30 мамырда осы факт бойынша Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Іс Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына берілді.
2024 жылғы 12 шілдеде сот кәсіпорынға 1 763 950 теңге көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ мемлекет кірісіне 3 014 826 теңге сомасында монополиялық табысты тәркілеу туралы қаулы шығарды.
Қазіргі уақытта, 1 763 950 тенге әкімшілік айыппұл және монополиялық кіріс соммасы 3 014 826 тенге мөлшерінде, Кәсіпорынмен мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.
[xfvalue_img]