Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау - басым бағыт
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшінің екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуден бас тартуға қатысты өтінішін қарады. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшысының әрекеттері заңсыз деп танылды.
Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, Департамент ден қою шараларын қабылдап, содан кейін қызметшіге жәрдемақы төленді және мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, өтініш авторына жалақыны уақтылы төлемеу фактісі анықталып, осыған байланысты тиісті материалдар еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға жіберілді, соның негізінде мемлекеттік органның басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру Департаменттің басым міндеті болып табылатынын атап өткен жөн.
[xfvalue_img]