СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі техникалық қадағалау жұмысында жүйелі бұзушылықтарды анықтады

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі техникалық қадағалау жұмысында жүйелі бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында техникалық қадағалаудың бір сарапшысы бір мезгілде бірнеше нысандағы жұмыстардың сапасын бақылайтынын анықтады.

Өңірде барлығы 160 автожол жобасын жөндеуді техникалық қадағалау бойынша 99 сарапшы бақылайды, оның ішінде 48 сарапшы екі және одан да көп объектілерге бекітілген.

Инжинирингтік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тұрақты негізде тексереді. Алайда, нормативтік құжатта бір кезеңде іске асырылатын бақыланатын объектілер саны бойынша шектеу жоқ.

Бұл кемшілік елеулі олқылық болып табылады және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасына теріс әсер етеді, өйткені бір адам бір уақытта бірнеше объектіге физикалық түрде қатыса алмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою үшін Департамент талдау нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар енгізетін болады.

Сонымен қатар, Департамент талдау жұмысы барысында сметаны асыра бағалау, сапасыз материалдарды пайдалану, көзделмеген жұмыс түрлерін қосу арқылы бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау және т.б. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

Нәтижелері бойынша ашық рәсімдерді, цифрлық шешімдерді енгізу және озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, салада бақылауды күшейту жөнінде шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда.

Жол құрылысы саласындағы бұзушылықтар туралы мәліметтері не оны жетілдіру бойынша ұсыныстары бар азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментіне жүгіне алады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив