«ҚазАвтоЖол»: жыл басынан бері республикалық маңызы бар күре жолдарда 4 мыңнан астам ақау жойылды
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі аралықта Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 5 мыңға жуық ақау анықтады. Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы («ҚазАвтоЖол» ҰК») барлық анықталған ақаулардың 81% жойды.
Ақауларды уақытылы жою жұмыстары Р-4 «Астана-Ерейментау-Шідерті», «Щучинск-Зеренді», «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Семей-Қайнар», «Өскемен-Семей» және т.б. күре жолдарда жүргізілді. Қалған ақауларды биылғы жылдың соңына дейін жою жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тікелей жауапты техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын жобаның басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тұрақты негізде тексеріп тұрады. Департамент қызметкерлері, атап айтқанда, сарапшылардың, зертханалық жабдықтардың және техникалық ерекшелікке сәйкес басқа да пункттерді қадағалайды. Биылғы жылдың 11 айында техникалық қадағалау қызметіне салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты.
[xfvalue_img]