СҚО полицейлері оқушылар үшін «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының екінші күнін мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде өткізді. Акция балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және барлық жастағы адамдардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі туралы жалпы мәлімдеме желісімен өтті. Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының аумағында өткізілген акцияға жас жол қозғалысы инспекторлары жасағының мүшелері, аудан мектептерінің оқушылары, ата-аналар және барлық тілек білдірушілер қатыста алды.
Олардың алдында аудан әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Мәдиев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жанат Рақметов сөз сөйледі. Мектеп-гимназияның аумағында ашылған «Жолдағы қабылдау» пунктінде булаевтықтар жергілікті полиция және көші-қон қызметтері, сондай-ақ әкімшілік тәжірибе желісінде жұмыс істейтін облыстық және аудандық полиция басшыларынан, сондай-ақ қызметкерлерінен қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес ала алды. Бұл күні кеңес беру акциясынан басқа шығармашылық байқаулар, жол қозғалысы ережелері білімін нығайту сабақтарын және тағы басқа қызықты іс-шаралармен балалардың естерінде ұзақ уақытқа сақталып қалады. Байқау соңында балаларға тәтті-дәмді сыйлықтар табысталды. Полицейлер қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған оқу орнының қауіпсіздік жүйесін қосымша қарап шықты.
«Жолдағы қабылдау» акциясы тұрақты түрде өткізіліп тұрады іс-шараның басты мақсаты халықты ақпараттандырып беріп кеңес беру, сондай-ақ ішкі істер органдарының құзыреті шеңберінде проблемалық сәттерді зерделеу және оларды шешу. Акцияға барлық қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдері қатысуда. Халықтың қолайлылығы үшін полицияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тікелей эфирлер арқылы сұрақтар қабылдау белсенді қолданылады, сондай-ақ Call-орталық жұмыс істейді. Акцияның бірінші күнінің қорытындысы бойынша облыс тұрғындарынан жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жол белгілерін орнату, белгілер қою және көші-қон заңнамасы бойынша 47 сұрақ келіп түсті", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]