Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Кадр резервіне іріктелгендер тізімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында және https://onir.pkrezerv.gov.kz/result порталында жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, кандидаттарды іріктеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілді. Ақмола облысында іріктеу 6 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Аталған бағыттар өңірдің кадр қажеттілігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде айқындалды.

Осыған дейін іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңінде 389 адам онлайн-порталда тіркеліп, оның ішінде 283 қатысушы толық құжаттарымен қоса өтініштерін жолдады. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілді. Заңнаманы білуіне арналған тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезең – жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуге 115 адам жіберілді. Кандидаттарды тестілеу Академия базасындағы тестілеу залында ұйымдастырылды.

Бұдан әрі жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша 53 үміткер Академияның Ассесмент орталығындағы құзыреттерді бағалау кезеңінен өтуге жіберілді. Құзыреттерді бағалау қорытындысы бойынша қорытынды кезең – «Өңірлік кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбатқа» 38 адам жіберілді. Олар таңдаған салалық бағыттарына сәйкес өз жобаларын қорғап, жаңа идеялар не болмаса өңірдегі өзекті проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

«Жалпы, бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл және прогрессивті көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған» - деді спикер. Айта кетелік, резервшілер жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, 2 жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Жазира Сейтмағанбетова

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.