Жас мамандар мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды
Ақмола облысында мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдетуге бағытталған жаңа заңнамалық нормалар негізінде бірнеше тағайындаулар жүргізілді.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік грант есебінен үздік білім алып шыққан түлектер диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындала алады. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын мәселесін шешу үшін қабылданған норма.
Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шортанды аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы лауазымына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша бітірген Жансая Арман тағайындалды.
Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылы әкімдігінің жетекші маманы лауазымына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген Алина Сакимова тағайындалды.
Заңнамаға сәйкес тағайындаулар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісу арқылы жүргізілді.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі
[xfvalue_img]